Amadeus First бағдарламасының ережелері мен шарттары

«Amadeus First» бағдарламасы брондау жүргізу үшін Amadeus жаһандық дистрибутивтік жүйесін, Content Inn брондау жүйесін, Amadeus Local Insurance сақтандыру полистерін жазып беру жүйесін қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, Amadeus ұсынатын жүйелерді (бұдан әрі «Amadeus жүйелері») пайдаланатын жеке тұлғаларға арналған дербес бонусты бағдарлама болып табылады. Бағдарламаға қатысу «Amadeus First» бағдарламасының (бұдан әрі «Бағдарлама») қызметін реттейтін осы Ережелер мен Шарттарға (бұдан әрі Ережелер мен Шарттар) сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама ұйымдастырушысы болып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға –«Амадеус Джи Ди Эс» ЖШС (бұдан әрі Ұйымдастырушы) табылады.

- Сіз Amadeus брондайтын сегменттердің бәрі ай сайын, әр айдың бесінен кешіктірмей Ұйымдастырушы тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеге аударылатын несиелік ұпайларға айналады.

Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес:

Әрбір AIR сегмент 5 ұпайға тең;

Әрбір HOTEL сегмент 10 ұпайға тең;

Әрбір CAR сегмент 10 ұпайға тең;

Әрбір Content Rail сегменті 5 ұпайға тең

1. Жалпы ережелер

1.1. «Amadeus First» дербес бонусты бағдарламасы авиа/турагенттіктердің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) және авиа/турагенттіктермен азаматтық-құқықтық шарттардың аясында жұмыс істейтін жеке тұлғаларды (бұдан әрі «Қатысушылар») олардың брондау жүргізуге тиімді, бастамашылдықпен және шығармашылықпен қарау деңгейін арттыру мақсатында ынталандыратын шаралар жиынтығы болып табылады.

1.2. «Amadeus First» бағдарламасына авиа/турагенттіктердің жұмыскерлері (қызметкерлері) және авиа/турагенттіктермен азаматтық-құқықтық шарттардың аясында тек Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін жеке тұлғалар қатыса алады. Бағдарламаға ұйымдар, компаниялар және басқа заңды тұлғалар қатыса алмайды. Арнайы хабарламаға дейін «Amadeus First» бағдарламасына тек Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан туристік компаниялар ғана қатыса алады.

1.3. Ұйымдастырушы Қатысушыларға алдында ала ескертпей-ақ Бағдарламаны өзгертуге (толық немесе ішінара) және/немесе Бағдарламаның әрекет ету күшін тоқтатуға құқылы. Өзгерістер Бағдарлама ережелеріне, қатысу шарттарына және ұпайлардың есептелу принциптеріне, ұпайлардың есептелуіне, ұпай санына және ұпайлардың әрекет ету кезеңіне және т.б. қатысты болуы мүмкін. Ережелер мен Шарттардың қолданыстағы редакциясы http://kz.amadeusfirst.com сайтына Ережелер мен Шарттар бөліміне орналастырылады.

Privacy Policy

Cookie Policy

2. «Amadeus First» бағдарламасына қатысу шарттары

2.1. Қатысушы Бағдарламаға қатысу үшін http://kz.amadeusfirst.com сайтындағы Қатысушы Сауалнамасын толтыру қажет.

2.2. Қатысушы Сауалнамасының толтырылуы оның Ережелер мен Шарттармен танысқандығын растайды.

2.3. Толтырылған Қатысушы Сауалнамасының негізінде оған Бағдарлама қатысушысының дербес нөмірі тағайындалады. Мұндай нөмір Қатысушыға беріледі және ол бұл нөмірді Amadeus жүйелерін қолдана алатын Қазақстан аумағындағы кез келген авиа/турагенттігімен ынтымақтасқан уақытта пайдалана алады. Қатысушыға дербес нөмірдің берілуі оның «Amadeus First» бағдарламасына тіркелгенін растайды.

2.4. Қатысушы тіркелген сәтінен бастап, брондау жүргізу үшін Amadeus жүйесінің кез келгенін алғаш рет пайдаланған күн бағдарламаға қатысу басталған күн деп танылады.

2.5. Бағдарламаға қатысу нәтижелерін Қатысушы Қазақстан аумағындағы қай авиа/турагенттігімен еңбек, я болмаса азаматтық-құқықтық қатынаста болуына қарамастан және мұндай кәсіпорындарды ауыстыруына қарамастан, жеке шотына жинап отырады. Бұл ретте мұндай кәсіпорындардың Amadeus жүйелерін заңды түрде пайдалануы шарт.

2.6. Бағдарламаға қатысу жеке сипатта. Әрбір Қатысушының тек бір ғана жеке шоты мен Бағдарлама Қатысушысының дербес нөмірі бола алады.

2.7. Бағдарламаға қатысу тегін.

2.8. Бағдарлама қатысушылары сауалнама толтырылған уақытта 16 жасқа толған әрекетке қабілетті тұлғалар бола алады.

2.9. Егер қандай да бір тұлға Бағдарламаға қатысу Ережелері мен Шарттарын бұзса, Ұйымдастырушы мұндай тұлғаларды Бағдарламаға қатыстырмауға құқылы.

2.10. Бағдарламаға қатысу төменде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінде тоқтатыла алады:

  • Қатысушы Ережелері мен Шарттарын бұзса;
  • Ұйымдастырушыға жазбаша хабарлама беру нәтижесінде Қатысушының бастамасымен;
  • Ұйымдастырушының шешімімен Бағдарлама әрекет етуін толықтай, я болмаса ішінара тоқтатса.


2.11. Бағдарламаға қатысу тоқтатылған жағдайда Қатысушының жинаған ұпайларының бәрі күшінен айырылады.

2.12 Егер Қатысушы Ережелер мен Шарттарды бұзса, яғни: өзінің дербес нөмірін басқа агенттіктердің брондауларына енгізіп, бөтен ұпайларды өзіне заңсыз алса, Ұйымдастырушы кез келген Қатысушының ұпайларын оның Бағдарламадағы дербес шотынан шегеріп алуға құқылы. Мұндай жағдай қайталанған жағдайда Ұйымдастырушы сол Қатысушыға тосқауыл қойып, бүкіл ұпайларын күшінен айыруға құқылы.

3. «Amadeus First» бағдарламасында ұпайлардың есептелуі

3.1. Ұпайлар Бағдарламадағы есептеу бірлігі болып табылады. Amadeus жаһандық дистрибутивті жүйеде брондау жүргізілген жағдайда әрбір брондалған сегмент ұшу, қонақ үйде тұру, мұндай сегмент бойынша басқа қызметті пайдалану аяқталған соң ғана ұпай сандарына аударылады. Amadeus ұсынатын өзге жүйелер қолданылған жағдайда Ұйымдастырушы ұпайлардың есептелу тәртібін қосымша белгілеп, бұл жөнінде Бағдарлама енгізілген тиісті өзгерістерді http://kz.amadeusfirst.com сайтына орналастырады.

3.2. Әр Бағдарлама Қатысушысына автоматтандырылған түрде ұпайлар есептелетін жеке шот ашылады. Ұпайлар және/немесе шот оның Бағдарлама Қатысушысы болу-болмауына қарамастан, қандай да бір басқа тұлғаның ұпайларына және/немесе шотына беріле алмайды, мирасқорлыққа тапсырыла алмайды және олармен біріктіріле алмайды.

3.3 Amadeus ұсынатын басқа жүйелер пайдаланылған жағдайда қайтарылған сегменттер, я болмаса олардың баламалары үшін ұпай есептелмейді.

3.4. Брондау пассивті сегменттермен (PK және GK) жүргізілген жағдайда Бағдарлама бойынша ұпайлар есептелмейді.

3.5. Қателік (ұпайлардың дұрыс есептелмеуі/есептен шығарылуы және т.б.) жіберілген жағдайда Ұйымдастырушы Қатысушының жеке шотына түзетпелер енгізуге құқылы.

3.6. Қатысушы өзінің жеке шотында Ережелер мен Шарттар мен есептелуге жататын ұпайлардың жоғын анықтаған жағдайда және есепке алынбаған ұпайлар оның жеке шотына есептелу үшін Қатысушы first@amadeus.kz электронды поштасы арқылы Бағдарлама Ұйымдастырушысына хабарласа алады.

4. Сыйақы беру

4.1. Бағдарлама бойынша есептелген ұпайларды Қатысушы http://kz.amadeusfirst.com сайтындағы «FAQ Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде көрсетілген қағидалар мен шкалалардың негізінде «Amadeus First» бағдарламасының арнайы шарттарымен Сыйақы алу үшін пайдалана алады.

4.2. Сыйақы мөлшері мен сыйақының берілу шарттары Қатысушылармен келісілмей белгіленіп, өзгертіледі.

4.3. Amadeus Сыйақы алу үшін қажетті ұпай санын қалауына қарай кез келген уақытта өзгертуге құқылы.

4.4. Бағдарлама Қатысушысы Сыйақының пайдаланылуы үшін толық жауапкершілік көтереді.

5. Басқа шарттар

5.1. Бағдарламаның әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.Барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

5.2. Бұл Бағдарлама лотерея не болмаса басқа да сыйлық ұтысы болып табылмайды.

5.3. Қатысушы Бағдарламаға қатысуға байланысты жұмыс берушілермен немесе азаматтық-құқықтық келісім тарабымен арадағы қарым-қатынастардан туындауы мүмкін қандай да бір салдар үшін толықтай жауапты болады.

6. Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі

6.1. Ұйымдастырушы Қатысушыларға ескертпей және олармен келісілмей, Қатысушыларға арналған Бағдарламаны кез келген уақытта уақытша тоқтатуға, мүлдем тоқтатуға немесе оның шарттарын өзгертуге құқылы. Бағдарлама тоқтатылған жағдайда Қатысушы жинаған ұпайлардың бәрі күшінен айырылады.