Amadeus FirstThe Travel Agents Club

1. Amadeus First клубының мүшесі кімдер бола алады?

Amadeus First клубына кез-келген оффлайн брондау жүйесінде жұмыс істейтін агент мүше бола алады. Онлайн брондау жүйесін пайдаланатын агент клубқа мүше бола алмайды.

  • Amadeus First клубына тіркелу тегін және бұл сізді ешнәрсеге міндеттемейді.
  • Amadeus брондайтын сегменттердің бәрі ұлттық валюта – теңгеге барабар ақшаға айналдырылатын несие ұпайларына айналады және тапсырыс негізінде Серіктестің банкі ашқан атаулы төлем карталарына жіберіледі. Қатысушы мен Серіктестің банкі арасындағы қарым-қатынас бөлек жасалатын шарттардың талаптарымен реттеледі.

Мұның ешбір қиындығы жоқ. «Қатысушыны тіркеу» нысанын толтырсаңыз болғаны.

Тіркеу аяқталған соң жүйе автоматты түрде Қатысушының нөмірін шығарады. Сізге бұл нөмірді өзіңіз құрған кез келген брондауға қосып отыру керек.

Amadeus жүйесінде жасалған әрбір сегмент автоматты түрде тіркеліп, сіздің Amadeus First сайтындағы жеке себетіңізге жіберіледі. Брондаудың бастапқы кезеңінде Amadeus First интерфейсіндегі барлық сегменттерде «PD» мәртебесі болады. Жолаушы ұшу сегментін (flown) пайдаланған бойда оның мәртебесі «OK» мәртебесіне ауысады. Тек мұндай мәртебесі бар сегменттер ғана теңгеге ауыстырып алуыңызға болатын ұпайларға айналады.

Егер агент «Amadeus» компаниясының пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне осындай брондаумен жүгінсе, «PD» және «OK» мәртебесімен брондау «RD» мәртебесіне ие болуы мүмкін.

Мәртебелердің мәні:

PD – ұпайлар әлі есептелмеген брондау

OK – Amadeus жүйесінде құрылған және ол бойынша ұпайлар есептелген брондау

RD – агент «Amadeus» компаниясының пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне жүгінген брондау, ол бойынша ұпайлар есептелмейді.

Маңызды! Брондау және билеттерді рәсімдеу тіркеліп отырған елдегі Office ID жүргізілуі тиіс!

Олай болмаған жағдайда Amadeus First шотыңызға ұпайлар есептелмейді.

Автоматтандырылған бағдарламаларды пайдаланылатын арнайы сайн жән ID арқылы жасалған брондар(мысалы, Amadeus Web Service арналған сайн), жинақтаушы бағдарламада есепке алынбайды.

Күші жойылған сегменттердің бәрі ұпай саны есептелген кезде есепке алынбайды.

Барлық ұпайлар тек Сізге ғана жиналып, қандай да бір жұмыс беруші-агенттікке тәуелді болуыңызға қарамастан, өзіңізде қалады.

Брондау құрылған уақытта агент тіркелген кезде бір-ақ рет шығарылатын Amadeus First клубына мүшелік нөмірімен бірге белгі қою қажет.

Формат:

RM*AMA 123456, бұл жерде 123456 – қатысушының нөмірі. AMA мен қатысушы нөмірінің арасында бос орын қалдыру міндетті!

Белгі қойылған соң PNR Amadeus кеңсесінің кезек банкіне жіберу керек:

QE/ALA1A0980/77

Әрбір AIR сегменті 5 ұпайға тең.

Әрбір HOTEL сегменті 10 ұпайға тең.

Әрбір CAR сегменті 10 ұпайға тең.

Әрбір брондалған нетто сегмент 10 ұпайға тең.. Сатылым – бұл клиенттің Content Inn брондалған қонақ үйде іс жүзінде тұруы. Брондау тоқтатылған жағдайда шығарылған ваучерлер ескерілмейді.

Аса маңызды! Агент төмендегі қадамдарды орындағаннан кейін, автоматты түрде ұпайлардың есептелуі басталады:

  1. Сілтеме арқылы кіру: http://contentinn.com
  2. «Aдмин» ендірмесінен «Пайдаланушы тізімі» тармағын таңдаңыз
  3. Пайдаланушылар тізімінде өзіңізді тауып, «Өңдеу» түймесін басыңыз
  4. «Amadeus First» ескертпесіндегі «Байланыс ақпараты» блогына өзіңіздің
    «Amadeus First» қатысушы нөмірін енгізіңіз
  5. Сақтау

Қонақ үйге тіркелген күнінен кейін, Content Inn брондауы бастапқы кезеңінде «PD» мәртебесіне ие болады, егерде бронь жойылмаған жағдайда «OK» мәртебесіне өзгереді

Автоматтандырылған бағдарламаларды пайдаланылатын арнайы сайн жән ID арқылы жасалған брондар(мысалы, Amadeus Web Service арналған сайн), жинақтаушы бағдарламада есепке алынбайды.

Жазып берілген әрбір сақтандыру полисі 5 ұпайға тең. Сатылым – бұл Amadeus Local Insurance арқылы жазып берілген сақтандыру полисінің сақтандыру шартының күшіне ене бастауы. Сақтандыру полистері қайтарылған және бүлінген жағдайда есепке алынбайды.

Ұпайлар шотқа есептелу үшін қатысушы нөмірін полистің нөмірімен қатар «қатысушы нөмірі» жолағына жазып енгізу қажет.

Amadeus Local Insurance жиналған ұпай саны туралы ақпарат тәулігіне бір рет жаңартылып отырады.

Әрбір брондалған сегмент 5 ұпайға тең. Билетті қайтарған жағдайды ұпайлар есептелінбейді.

Amadeus First-тегі Content Rail бронының мәртебесі бастапқыда PD, кейіннен бронь жойылмаған жағдайда және жолаушы билетті толық пайдаланған күні «OK» мәртебесіне ауысады.

Маңызды! Егер агент «Amadeus First» ұяшығына қатысушының нөмірін белгіленген нұсқаулық бойынша орындаса, ұпай жинақтау жүйесі автоматты түрде жұмыс істей бастайды.

Маңызды! ҚТЖ мен ГТЖ теміржол билеттері ұпай жинақтау жүйесіне қатыспайды.

Сізде Серіктес банкпен арада жасалған шарт болуы тиіс. Серіктес банк жасалған шарттың талаптары негізінде қатысушының атаулы картасын шығарады. Ұйымдастырушы ұлттық валюта – теңгедегі қаражатты-ұпайларды келесі айдың онынан кешіктірмей есепке алады.

Серіктес банкпен шарт жасасу мақсатында Қатысушы:

  1. жеке басты куәландыратын құжаттың бір бетке жасалған сканерленген көшірмесін Ұйымдастырушының first@amadeus.kz мекенжайына жіберу.
  2. Ұйымдастырушының first@amadeus.kz мекенжайына форматта: Amadeus First қатысушысының нөмірі. Қазақстан Республикасы, индекс хххххх, ххх қаласы, ххх көшесі, үйдің нөмірі, пәтер, сондай-ақ байланыс телефоны +77хххххх-хх-хх Қатысушы іс жүзінде тұратын мекенжай туралы ақпарат жіберу.
  3. «Amadeus First» бонусты бағдарламасына қатысу туралы шарт жасасу (тараптар Қатысушы және Ұйымдастырушы) қажет. Бұл үшін Қатысушыға сілтемесі арқылы жоғарыда аталған шартты жүктеп, Қатысушылар жайлы жетіспейтін дербес ақпаратты толтырып, 2 (екі) түпнұсқалық нұсқадағы шартқа қол қойып, Ұйымдастырушы қолын қою үшін шарттың екі нұсқасын да Ұйымдастырушының мекенжайына (Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 48, 4-қабат) жіберу керек.

Amadeus First бағдарламасы бойынша серіктес банк – «Сбербанк России» Акционерлік қоғамының Қазақстандағы Еншілес банкі.



Маңызды ақпарат:

Егер Amadeus First клубы мүшесінің нөмірі есіңізде болмаса, first@amadeus.kz мекенжайы арқылы немесе + 7 (727) 357 23 90 ішкі 110 телефон нөмірлері арқылы пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласуыңызға болады.